12) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын;
13) дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді;
14) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі әрбір нақты дезинфекциялық құрал үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
Келушілерге қойылатын талаптар
69. Күту аймағында:
1) кіреберісте келуші музейде болу ережелерімен және ақпараттық стендтерде орнатылған экскурсия бағдарымен танысады;
2) отыратын орындар қашықтықты сақтай отырып орналастырылады;
3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (музейдің экспозициялық залдарының ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан астам - 30 адам)
.
70. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады.
71. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді.
9. Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, ол сол жерде таратылуы мүмкін.
72. Залдардың аймағында:
1) келушілер бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, кіреберісте көрсетілген бағдар бойынша залды қарайды;
2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналасқан.
7-тарау. Мемлекеттік кітапханалардың қызметіне қойылатын талаптар
73. Кітапхананың ашылуы алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмыстары (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беттерін дезинфекциялау құралдарымен тазалау және өңдеу) жүргізіледі.
74. Қызметкерлер мен келушілердің дене температурасын бақылау жанасатын немесе жанаспайтын тәсілмен жүргізіледі.
75. Кітапхана әкімшілігі келушілердің оқу залдарында бір мезгілде объектінің жобалық қуатының 50%-ға дейін болуын қамтамасыз етеді, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр және орындықтар арасында 60 сантиметр болуы тиіс.
Оқырмандарды кітапханаға жіберу маска болған жағдайда ғана жүзеге асырылады
76. Кітапхана пероналы қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, қорғану экрандар) қамтамасыз етіледі, болмаған жағдайда жұмыс істеуіне жол берілмейді.
77. Респираторлық инфекцияның кез келген белгілері бар қызметкерлер жұмысқа, сондай-ақ оқырмандар кітапханаға (қызуы жоғары, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы) жіберілмейді.
78. Кітапхана қызметкерлері келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киіп жүруін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды.
79. Кітапхананың үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін:
1) адамдар көп жиналатын орындарда кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еденде тиісті белгілер орнатылады (киім ілетін орын, оқырмандарды тіркеу, оқу залдарында әдебиеттерді бақылау және беру орны, ксерокөшірме);
2) оқырмандар үшін кемінде 2 метр белгілерді орнату арқылы белсенді аймақтар біркелкі бөлінеді;
3) оқу залдарында оқырмандарды қауіпсіз әлеуметтік қашықтықта отырғызу үшін тиісті белгілер орнатылады және үстелдер арасындағы алшақтық кемінде 2 метрге ұлғайтылады.
80. Кітапхана әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) қауіпсіз әлеуметтік қашықтықпен қиылыспайтын ағынмен кіру мен шығу кезінде және ғимарат ішінде адамдардың қозғалыс схемасын ұйымдастыру (оқу залының бір жағынан – кіру, екінші жағынан – шығу);
2) өндірістік бақылау журналына тіркеу арқылы профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;
3) үй-жайларды сағат сайын желдету;
4) жалпы пайдалану үшін орнатылған компьютерлердің оқу үстелдерін, клавиатуралары мен компьютерлік тінтуірлерін және жиһаздарды әр келушіден кейін құрамында спирті бар тазалау құралдарымен сүрту;
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау (дене температурасын өлшеу, қызметкерлерге нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, құрал-жабдықтарды өңдеу, үй-жайларды тазалау);
6) кіреберісте, оқу залдарының холдарында, дәліздерде, лифтінің, санитариялық тораптардың кіреберістерінде антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
7) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;
8) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдары (сұйық сабын, антисептиктер);
9) халыққа маскамен қызмет көрсету;
10) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі;
11) жинау мүкәммалын пайдаланғаннан кейін (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтау;
12) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдету;
13) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, қолданыланатын заттардың беттерін (құрал-жабдықтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, ас ішу, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялап, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялаумен ылғалды тазалау жүргізу;
14) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ азайтылмайтын (кемінде бес күн) қоры;
15) дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберу;
16) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтау. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетілген.
17) кітапхана бойынша жүріп-тұру және қорды пайдалану бойынша оқырмандарға арналған арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірлеу.
81. Кітапханаларға қойылатын қосымша талаптар:
1) кітапхана басылымдары үшін жеке карантиндік үй-жай бөлу;
2) кітапханаға келіп түсетін барлық басылымдар үшін қорларды жинақтау үшін және оқырмандарға уақытша пайдалануға берілген кітапхана басылымдары үшін міндетті карантин режимін белгілеу;
3) кітап беру және қабылдау үшін оқу залдарында жеке аймақтарды ұйымдастыру.
Келушілерге қойылатын талаптар
82. Күту аймағында:
1) кіреберісте келуші кітапханада болу ережелерімен және ақпараттық стендтерде орналастырлған қозғалу бағдарымен танысады;
2) отырғызу орындары қашықтықты сақтай отырып орналастырылады;
3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (кітапхана залдарының ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан астам - 30 адам);
83. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады.
84. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді;
1) Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, ол сол жерде таратылуы мүмкін.
85. Залдардың аймағында:
1) келушілер бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, кіреберісте көрсетілген қозғалыс бағдары бойынша оқу залына кіреді;
2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналастырылады.
86. Залдардан шығу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) келушілер көрсетілген қозғалыс бағдары бойынша 2 метр қашықтық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып залдан шығады;
2) залдан шығу сызбаға сәйкес.
8-тарау. Музей-қорықтардың жұмысына қойылатын талаптар
87. Кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асырылады.
88. Әрбір объектіде бір станциялық тепловизорды орналастыру міндетті (бір аумақта бірнеше объектілер жақын орналасқан жағдайда, бір тепловизорды орнатуға жол беріледі).
89. Келушілер музей-қорықтың аумағында маскамен жүреді.
90. Объектілерді санитариялық нормаларға сәйкес дайындау түскі үзілісте және келушілерді қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
91. Музейлердің үзіліссіз және жүйелі жұмыс істеуі үшін:
1) қолжетімді орындарда, санитариялық тораптарда санитайзерлер орнатылады;
2) адамдар көп жиналатын аймақтарда (санузелдер, киім ілетін орындар, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін, сондай-ақ әрбір музей экспонатының алдында еденге тиісті таңбалар орнатылады;
3) келушілерді хабардар ету мақсатында музейге кіреберісте жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады;
4) бағдар жолында көрсеткіштер, ескертетін белгілер орнатылады (үш тілде);
6) келушілер үшін музей бойынша жүріп-тұру және қорды пайдалану жөнінде арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді;
7) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары құрылады.
92. Музей-қорық пен оған іргелес орналасқан объектілер орналасу реттеріне қарай шартты түрде бес аумаққа бөлінеді:
1) келу аймағы – автокөлік тұрағы, санитариялық аумақ, сауда нүктелері мен касса (музей сыртында орналасқан кассалар). Автотұрақта қашықтық сақталуға тиіс.
Келу аймағында келушілер музей немесе кесене (мешіт) аумағына кіру үшін кезекке тұрады.
Кассадағы билет сатылымы қашықтық сақтаған жағдайда іске асырылады.
Келушілер санитариялық аумақта, сауда нүктелерінде еркін жүре алады.
Санитариялық аймақта, сауда нүктелерінде адамдардың жиналуын болдырмау үшін олардың алдында 2 метр қашықтықты сақтай отырып арнайы қашықтық белгілерін (турникеттер орналастыруға да болады) салу қажет;
2) күту аймағы – 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып арнайы орындар бөлінген күтуге арналған алаң болып табылады.
Күту алаңына келушілер 15-30 адамнан тұратын топ болып кіреді (музейлердің экспозициялық залдарының көлеміне байланысты: 100 шаршы метрге дейін 15 адам, одан үлкен болса 30 адам).
Саны 40 адамнан аспайтын туристік топтарды (1 автобус) бірге қабылдауға рұқсат етіледі (егер де келушілер күту аумағы мен музей ішіне еркін сия алатын болса).
Келушілерге ыңғайлы болу үшін көлеңкелі орындарды белгілеу немесе жабық алаңдарды көздеу және оларды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, отыратын орындармен қамтамасыз ету қажет;
3) музейдің ішкі аймағы – экспозициялық залдар мен кассалар (музей ғимаратының ішінде орналасқан кассалар).
Кассада билет сату қашықтықты сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Келушілер музей ғимаратына 10-15 адамнан жіберіледі (бұл музейлердің экспозициялық залдарының алаңына байланысты: 90 шаршы метрге дейін - 10 адам, одан үлкен болса - 15 адам).
Экспозициялық залдар немесе гидтер санына байланысты келушілер 10-15 адамнан тұратын топтарға бөлінеді (мысалы, төрт залға төрт топ немесе бір гидке бір топтан). Топтағы адамдар саны залдардың алаңына байланысты болады: 100 шаршы метрге дейін 10 адам, одан үлкен болса 15 адам.
Әрбір экспозициялық залмен танысу уақыты 10 минут. Егер музейде бір ғана үлкен зал болса 20 минут уақыт бөлінеді.
Музейдің ішкі аймағында келушілер 1,5-2 метр қашықтықты сақтауға тиіс.
4) Орналастыру аймағы және (немесе) діни жоралғыларды жөнелту орындары - мешіттер, кесенелер, зиярат мазарлары немесе діни жоралғылар мен табыну орындар.
Келушілердің объектіге келуі, күту және онымен таныстыру әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып осы талаптың 82, 83, 84 –тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Діни жоралғыларды атқару (құдықтан су алу, ағашқа шүберек байлау және т.б.) музей-қорық қызметкерінің бақылауымен жүзеге асырылады.
Музей-қорық аймағына мал кіргізуге, құрбандық ниетімен оны союға және т.б. әрекеттерге жол берілмейді.
5) Археологиялық қазба аймағы – музей-қорық аумағы немесе одан тыс жердегі археологиялық қазба жұмыстарының орны.
Объект музей-қорық аумағында орналасқан болса келушілерді археологиялық қазба жұмыстарымен таныстыру музейдің ішіндегі экспозициялық залдармен таныстырғаннан кейін жүзеге асырылады.
Объект музей-қорық аймағынан тыс орналасқан жағдайда келушілерді онымен таныстыру әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 20 адамнан аспайтын топ болса ғана осы талаптың 82, 83 және 84-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Археологиялық қазба орындарымен танысуға музей-қорықтағы гидтер санына байланысты бірнеше топтар жіберуге болады (мысалы, ол музей-қорық аумағынан тыс орналасқан жағдайда бір гидке бір топ).
Қашықтықты сақтай отырып 20 адамнан көп емес топтарды археологиялық қазба жұмыстарымен танысу үшін апаруға болады.
Археологиялық қазба жұмыстарымен танысуға баратын топтар бағдары бір-бірімен қиылыспауы тиіс.
Археологиялық қазба жұмыстарымен танысу уақыты 2 метр қашықтықты сақтай отырып 20-30 минуттан аспауға тиіс.
9-тарау. Мәдениет объектілері жанындағы буфет жұмысына қойылатын талаптар
93. Үстелдер арасында кемінде 2 метр және орындықтар арасында кемінде 60 сантиметр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып орналастырылады.
94. Көрермендер буфетінің бар бағанының алдында еденге әлеуметтік қашықтық бойынша белгі қойылады.
95. Бір рет қолданылатын ыдыс пайдаланылады, содан кейін оны жинау, зарарсыздандыру және белгіленген тәртіппен жою қажет.
96. Азық-түлік өнімдерін сату оралған түрде жүргізіледі.
97. Нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сату тек оралған түрде жүзеге асырылады.
98. Буфет қызметкерлері бір рет қолданылатын маскалармен қызмет көрсетеді.
99. Жіті респираторлық инфекциялар, жоғары температура белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
100. Буфеттің көрнекі қолжетімді жерінде тері антисептигі бар санитайзер орнатылады.
101. Буфет жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жанасатын беттерді (үстелдер, орындықтар, бар тағаны және т.б.) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып сүрту жолымен өңдеу жүргізіледі.
102. Буфет аймағы тәртіппен және таза ұсталады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
10-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қорғау құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялық және жуғыш заттардың, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорын қамтамасыз ету.
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
4) жанаспайтын немесе жанасатын тәсілмен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тепловизорлар) ұйымға кіру кезінде қызметкерлердің дене температурасын бақылау, қызметкерлерді ЖРВИ және тұмау симптомдарымен жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
5) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған қызметкерлер мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;
6) келушілерді тек маскамен жіберу;
7) медициналық маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) пайдалану;
8) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, жұмыс орындары арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау;
9) желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
10) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін жағдайларды барынша қамтамасыз ету (карталар, телефондағы қосымша);
3. Объектінің басшылығы клиенттер жиналатын «күту аймағын» алып тастай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, келуші (Клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты барынша қамтамасыз етуді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
4. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, байланыс үстін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирусицидті әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
5. Ауаны зарарсыздандыру қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдету арқылы адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі.
6. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізеді.
7. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберегін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
8. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі.
9. Персоналдың жұмыс орындарында тамақ ішуіне, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақ бөлуді көздеуге жол берілмейді.
10. Объектіде персонал мен келушілердің белгіленген ережелерді сақтауына және персоналмен күнделікті нұсқама өткізуге жауапты адам тағайындалады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
11-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Объектіге қонақтарды жеткізу бойынша көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік құралын жинау журналына белгі қоя отырып, вирусқа қарсы әсер ететін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, көлік құралының салонын ылғалды жинау қамтамасыз етіледі.
3. Қонақүйлерде, отельдерде келушілердің қауіпсіздігі мақсатында:
1) кіреберістегі келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті);
2) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша) қамтамасыз етіледі.
4. Персоналдың қауіпсіздігі мақсатында:
1) персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыру;
3) кіру және шығу кезінде санитайзерлерді пайдалану;
4) объектіге бір мезеттік кіру 2 адамнан аспайды;
5) үй-жай ішіндегі адамдар арасында әлеуметтік алшақтықты сақтау;
6) маска болған кезде персоналға рұқсат беру;
7) кіру кезінде персоналдың температурасын өлшеу.
5. Бөлімше басшылары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене температурасының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы), симптомдары, жоғары температура анықталған немесе пайда болған жағдайда персоналды жұмысқа жіберуді болдырмау, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды ұйымдастыру және жедел жәрдем келгенше осы қызметкерді оқшаулау;
2) персоналдың жұмысын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа да вирустық аурулар ауруларына ерекше назар аудара отырып, болмау себебін анықтай отырып, журналға белгі қоя отырып, қызметкерлердің жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін жүргізу;
6. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
7. Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
8. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
9. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғаныш құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
10. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
11. Ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
12. Объектіде 15 минут ішінде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі.
13. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитарлармен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету).
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар (жұмыс ауысымының ұзақтығына және маска ауысымына қарай кемінде 2 сағатта 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскалары (келесі қолданар алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптар (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтар немесе тері антисептиктері қорының болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмаңыз. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинау пакеттерге арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылады;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактиикалық бойынша жаднамалардың болуы;
4) табиғи желдету болмаған кезде келушілер көп жиналатын жерлерде (холдар, залдар, мейрамхана) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдарды (келушілер мен персонал болмаған кездеу пайдалану) және (немесе) ауа рециркуляторларын (адамдар болғанда пайдалануға рұқсат етіледі) қолдану (жалпы келушілер қоры кемінде 50 адам болатын қонақүйлер үшін);
5) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру;
7) персоналдың жұмыс және демалыс аймақтарында қабырға дезинфекциялау құралдарын орнату.
14. Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы шағын қонақүйлерде, хостелдерде, қонақүйлерде және басқа да объектілерде: